САТЫ ШАРАЛАРЫ Wireless audio dock Samsung Wireless Audio-Dock E670

Страница: 39 из 103

background image

4

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Үйдің айнымалы ток қуаты өнімнің артқы жағына жабыстырылған қуат талабына сай келуін қамтамасыз етіңіз. Өнімді 

көлденеңінен, желдету үшін айналасында жеткілікті орын (70-100 мм) қалдырып ыңғайлы негізге (тұрақты жиһаз сияқты) 

орнатыңыз.

Желдеткіш ұялардың жабылып қалмауын қадағалаңыз. Ойнатқышты күшейткіштердің немесе басқа ысып кететін жабдықтың 

үстіне қоймаңыз. Бұл өнім ұзақ пайдалануға арналған. Құрылғыны толығымен өшіру үшін айнымалы ток штепсельдік ұшын 

розеткадан суырып алыңыз. Ұзақ уақыт пайдаланбайтын болсаңыз, құрылғыны ажыратыңыз.

Найзағайлы дауыл болғанда айнымалы ток штепсельдік ұшын 

розеткадан суырыңыз. Найзағайдан кернеудің барынша күрт 

жоғарылауы құрылғыны зақымдауы мүмкін.

Өнімді ылғалдан (мысалы, құмыралардан), шамадан тыс 

жылудан (мысалы, камин) және күшті магниттік немесе электр 

өрістерін тудыратын жабдықтардан қорғаңыз. Өнім жұмысында 

ақаулық пайда болса, қуат кабелін айнымалы ток көзінен 

ажыратыңыз. Өнім өндірістік мақсатта пайдалануға арналмаған. 

Бұл өнім тек жеке пайдалануға арналған.
Өнім суық жерде сақталған болса, конденсация орын алуы 

мүмкін. Егер құрылғы қыста тасымалданған болса, пайдалану 

алдында ол бөлме температурасына жеткенше шамамен 2 сағат 

күтіңіз.

Құрылғыны тікелей күн сәулесі түсетін немесе басқа ыстық 

көздер бар жерде қалдырмаңыз. Бұл құрылғының қызып кетіп, 

дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.

Осы өнімнің батареяларында қоршаған ортаға зиянды химиялық 

заттар бар.

Батареяларды үй қоқысымен бірге тастамаңыз.

3.9 inch

3.9 inch

2.7 inch

3.9 inch

Phones

99,1мм

99,1мм

68,6мм

99,1мм