МИКРОТОЛЫНДЫ ПЕШТ ОРНАТУ Микроволновый печь Samsung MW712AR

Страница: 43 из 48

background image

11

КАЗАҚ 

МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШТІ ОРНАТУ 

Пешті тегіс, жазық, еденнен 85 см биік жерге қойыңыз. Пеш 

қойылатын бет, пештің салмағын еш қауіпсіз көтере алатындай 

мықты болуға тиіс. 
1.  Пешті орнатқан кезде, пештің артқы жағы мен 

екі жақ жанынан кем дегенде 10 см (4 дюйм), 

пештің үстінен 20 см (8 дюйм) ашық орын 

қалдырыңыз.

2.  Пештің ішіндегі орам материалдарының 

барлығын алыңыз. 

Айналмалы шығырық пен бұрылмалы табақты 

орнатыңыз. 

Бұрылмалы табақтың еркін айнала 

алатындығына көз жеткізіңіз. 

3.  Микротолқынды пешті оның ашасына қол жететіндей етіп орнату 

керек. 

Қорек сымы бүлініп қалса, оның орнына өндіруші немесе оның 

агентінен алуға болатын арнайы сым немесе құрастырылған 

жинақты орнатуға болады. 

Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін сымды 3-тармақты,  

230 Вольт, 50 Гц, АТ розеткасына жалғаңыз. Құрылғының қорек 

сымына зақым келсе, орнына арнайы сым ғана салынуға тиіс. 
Микротолқынды пешті кәдімгі пеш немесе радиатордың қасы 

тәрізді ыстық немесе ылғалды жерге қоймаңыз. Пешті қуат көзіне 

қосуға байланысты параметрлерін орындау керек, ұзартқыш сым 

қолданылса, ол да пеш сымының стандартына сай келу керек. 

Микротолқынды пешті ең алғаш іске қоспас бұрын, пештің іші мен 

тығыздағышын дымқыл шүберекпен тазалаңыз. 

АҚАУЛЫҚ ТУЫНДАСА НЕМЕСЕ КҮМӘН ПАЙДА 

БОЛСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

Төмендегі ақаулықтардың бірі орын алса, көрсетілген шешімдерді 

қолданып түзетіп көріңіз. 
Бұл қалыпты жағдай. 

•  Пештің ішінде конденсат пайда болады. 

•  Есіктің айналасы мен корпустың сыртынан жел үрлейді.

•  Есіктің айналасы мен корпус сыртында жарық шағылысады. 

•  Есіктің маңайы мен саңылаулардан бу шығады.
TIMER (ТАЙМЕР) тетігін бұраған кезде пеш іске қосылмайды.

•  Есік әбден жабылды ма?
Тағам мүлде піспеген. 

•  Таймерді дұрыс орнаттыңыз ба?

•  Есік жабық тұр ма?

•  Электр желісінің жүктемесін арттырғандықтан, сақтандырғыш 

жанып немесе айырып-қосқыш іске қосылған жоқ па?

Тағам қатты пісіп кеткен немесе шала піскен. 

•  Тағамның түріне сай келетін пісіру уақыты орнатылды ма?

•  Сай келетін қуат мәні таңдалды ма?
Пештің ішінде жарқыл және сытыр (электр жарқылы) пайда 

болады.

•  Металл жиегі бар ыдысты қолдандыңыз ба?

•  Шанышқы немесе басқа металл ас құралы пештің ішінде қалып 

қойған жоқ па?

•  Алюминий фольга пештің ішкі қабырғасына тым жақын 

орналасқан жоқ па?

Пеш радио немесе теледидарға бөгеуіл жасайды. 

•  Пеш жұмыс жасап тұрған кезде теледидар мен радиода аздаған 

бөгеуіл пайда болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Бұндай 

бөгеуілді азайту үшін, пешті теледидар, радио және антеннадан 

алыс орнатып көріңіз. 

Жоғарыда көрсетілген ақыл-кеңес ақаулықты түзетуге көмектеспесе, 

жергілікті дилер немесе SAMSUNG тұтынушыға қызмет көрсету 

орталығына хабарласыңыз. 

артқы 

жағынан 

10 см 

жоғарыдан 

20 см 

жанынан 

10 см 

еденнен 

85 см биік 

MW712AR_BWT-03794B-01_KZ.indd   11

2010-12-20     9:21:39