Таам псрп жатанда немесе псрп боланнан кейн, таамды Микроволновый печь Samsung MW712AR

Страница: 41 из 48

background image

9

КАЗАҚ 

Тағам пісіріп жатқанда немесе пісіріп болғаннан кейін, тағамды 

немесе пештің ешбір бөлшегін ұстамаңыз. 

-  Ас үй қолғабын қолданыңыз, себебі қатты ыстық болса 

қолыңыз күйіп қалуы мүмкін. 

-  Егер керамика ыдыс немесе көп мақсатта пайдаланылатын 

кәстрөлді итерсеңіз, ішіндегісі төгіліп, күйіп қалуыңыз мүмкін. 

Беті шытынап кетсе, қуат тетігін бұрап құрылғыны сөндіріңіз. 

-  Бұл нұсқау орындалмаса, электр қатеріне ұрынып қалуыңыз 

мүмкін. 

Пеш есігінің шынысына өткір затпен сызат түсірмеңіз. 

-  Бұл шыныға сызат түсіруі немесе сындыруы мүмкін. 

Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе оның үстіне зат (мысалы, кір, 

пештің қақпағы, жанып тұрған шамшырақ, тұтатылған темекі, ыдыс-

аяқ, химиялық заттар, металл заттар т.с.с.) қоймаңыз.

-  Киім тәрізді заттар есікке қыстырылып қалуы мүмкін. 

-  Бұның нәтижесінде электр қатері орын алып, өрт шығуы, 

құрылғыға нұқсан келуі немесе адам жарақаттануы мүмкін. 

Құрылғыны дымқыл қолмен іске қоспаңыз. 

-  Электр қатеріне ұшырауыңыз мүмкін. 

Құрт-құмырысқаларды құртуға арналған бүріккіштерді пешке 

шашпаңыз. 

-  Бұндай заттар адам үшін ғана қауіпті емес, электр қатерін 

тудыруы, өрт шығаруы, құрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін. 

Құрылғының есігіне немесе ішіне қатты күш немесе қысым 

түсірмеңіз. 

-  Құрылғы деформацияланып қалуы немесе адам электр 

қуатының қатерлі әсеріне ұшырауы мүмкін. 

-  Құрылғы есігіне асылып тұрсаңыз, құрылғы орнынан құлап, 

жарақаттанып қалуыңыз мүмкін. 

-  Есік бұзылып қалса, құрылғыны іске қоспай, қызмет көрсету 

орталығына хабарласыңыз. 

Құрылғыны раковина немесе шыныдан жасалған осал заттардың 

үстіне қоймаңыз. 

-  Раковинаға немесе шыны затқа зақым келуі мүмкін. 

Құрылғыны тек есігін жапқаннан кейін ғана іске қосыңыз. 

-  Егер тағамның қалдықтары тәрізді қоқыс жиналып ластанған 

құрылғыны іске қоссаңыз, құрылғыға ақау келуі мүмкін. 

Құрылғыдан жаңа ғана алынған тағамның орамын жазар кезде абай 

болыңыз. 

-  Тағам ыстық болса, оның орамын ашар кезде кенет ыстық бу 

шығып, күйіп қалуыңыз мүмкін. 

Құрылғыны қорек сымынан тартып ағытпаңыз, әрқашан ашасынан 

мықтап ұстап, розеткадан тура шығарып алыңыз. 

-  Қорек сымына зақым келсе, қысқа тұйықталу, өрт және/не 

электр қатері орын алуы мүмкін. 

Тағам пісіріп жатқанда немесе пісіруді аяқтай сала, бетіңізді, 

денеңізді құрылғыға жақындатпаңыз. 

-  Балалар құрылғыға жақындамас үшін байқап отырыңыз. 

-  Бұл нұсқау орындалмаса, қызуға күйіп қалуыңыз мүмкін. 

Есікті ашқаннан кейін тағам немесе ауыр заттарды есіктің үстіне 

қоймаңыз.

-  Тағам немесе қойылған зат құлап, күйіп немесе жарақат 

алуыңыз мүмкін. 

Тағам пісіріп жатқанда немесе пісіріп болғаннан кейін, пештің есігін, 

тағамды, ыдысты су төгу арқылы кенет суытуға болмайды. 

-  Бұлай істегенде құрылғы бүлініп қалуы мүмкін. Бу немесе 

шашыраған суға күйіп немесе жарақаттанып қалуыңыз мүмкін. 

Бұл құрылғылар жеке тұрған таймер немесе қашықтан басқару 

құралының көмегімен басқарылмайды. 

MW712AR_BWT-03794B-01_KZ.indd   9

2010-12-20     9:21:38