Кшруден орау Blu-ray плеер Samsung 3D SMART Blu-ray плеер BD-E6500 с WiFi

Страница: 167 из 177

background image

07
Қосымша

Көшіруден қорғау

•  CSS (Content Scramble System) жүйесі DVD пішіміндегі дискілерге қолданылып жүргендей, AACS (Advanced 

Access Content System) жүйесі Blu-ray пішімдегі дискілердің мазмұнын қорғау үшін мақұлданғандықтан, 

AACS жүйесімен қорғалған мазмұнның ойнатылуы, аналогтық сигналдың шығысы, т.б. сияқты параметрлерге 

белгілі бір шектеулер қойылады.  

Осы өнімнің жұмысы және оған қойылатын шектеулер сатып алу уақытына қарай әртүрлі болуы мүмкін, 

себебі AACS жүйесі сол шектеулерді өнім өндірілгеннен кейін бейімдеген және/немесе өзгерткен болуы 

мүмкін. Онымен қоса, Blu-ray пішіміндегі дискілер үшін BD-ROM Mark және BD+ мазмұнды қорғаудың 

қосымша жүйесі ретінде қолданылады, сондықтан BD-ROM Mark және / немесе BD+ қорғанысы орнатылған 

мазмұнына ойнату шектеулері сияқты белгілі бір шектеулер орнатылады. AACS, BD-ROM Mark, BD+ немесе 

осы өнім туралы қосымша ақпарат алу үшін, SAMSUNG тұтынушыны қолдау орталығына хабарласыңыз.

•  Blu-ray/DVD дискілерінің көбі көшіруден қорғалған. Осыған байланысты ойнатқышты бейнетаспа 

ойнатқышы арқылы емес, тікелей теледидарға қосу қажет. Бейнетаспа ойнатқышына жалғау көшіруден 

қорғалған Blu-ray/DVD дискілерінің дірілдеген бейне көрсетуіне әкеледі.

•  АҚШ және басқа елдердің авторлық құқығы туралы заңына сәйкес заңсыз жүргізілген жазу, қолдану, 

көрсету, тарату немесе теледидар бағдарламаларын, бейнетаспаларды, Blu-ray және DVD дискілерін көру 

азаматтық немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуға әкелуі мүмкін.

•  Cinavia ескертуі : Бұл өнімде коммерциялық фильм мен бейнелердің және олардың саунд-тректерінің 

рұқсатсыз көшірмелерін шектеу үшін Cinavia технологиясы пайдаланылады. Пайдалануға тыйым салынған 

рұқсатсыз көшірмені пайдалану анықталса, хабар көрсетіледі және ойнату немесе көшіру үзіледі. 

Cinavia технологиясы туралы қосымша ақпарат http : //www.cinavia.com торабындағы Cinavia желілік 

тұтынушылар туралы ақпарат орталығында берілген. Cinavia туралы қосымша ақпаратты пошта арқылы 

сұрау үшін пошта мекенжайыңыз бар ашықхатты мына мекенжайға жіберіңіз : Cinavia Consumer Information 

Centre, P.O. Box 86851, San Diego, CA, 92138, USA. 

Бұл Verance корпорациясының лицензиясы бар жекеменшік технологияны қамтиды және АҚШ-тың 7,369,677 

патентімен, әрі шығарылған және күтудегі басқа АҚШ және дүниежүзілік патенттермен, сондай-ақ, авторлық 

құқықтармен және осындай технологияның белгілі бір жақтарын құпия қорғаныспен қорғалған. Cinavia – 

Verance корпорациясының сауда белгісі. Авторлық құқықтар, 2004-2010 Verance корпорациясы. Барлық 

құқықтар Verance корпорациясымен қорғалған. Кері жобалауға және бөлшектеуге тыйым салынады.

Желі қызметінің жауапкершілігінен бас тарту

Осы құрылғы арқылы пайдалануға болатын барлық мазмұндар мен қызметтер үшінші тараптардың иелігінде және авторлық 

құқықпен, патенттермен, сауда белгілерімен және/немесе зияткерлік меншік заңдарымен қорғалған. Осындай мазмұн мен 

қызметтер тек сіздің жеке, коммерциялық емес қолданысыңызға арналған. Мазмұн мен қызметтерді мазмұн иесі немесе қызмет 

провайдері рұқсат етпеген жолмен пайдалануыңыз мүмкін болмауы ықтимал. Жоғарыда аталмыш жағдайларды шектеместен, 

тиісті мазмұн иесі немесе қызмет провайдері тікелей рұқсат еткен кездерден тыс, осы құрылғы арқылы қамтамасыз етілетін 

мазмұнды немесе қызметтерді өзгерту, көшіру, қайта басып шығару, жүктеу, жариялау, тасымалдау, аудару, сату, туынды 

жұмыстар жасау, пайдалану немесе кез келген жолмен я кез келген тасушы арқылы тарату құқығыңыз жоқ.

Қазақша  

49

 

|

02229G-BD-E6500-RU-KAZ-SEIN.indd   49

2012-05-02   오후 6:14:38