бадарламалы ралды жаарту Blu-ray плеер Samsung 3D SMART Blu-ray плеер BD-E6500 с WiFi

Страница: 149 из 177

background image

04
Параметрлер

AllShare параметрлері

AllShare параметрлері экранында желіге қосылған 

AllShare құрылғылары және олардың IP мекенжайлары 

тізіледі. Осы экран арқылы құрылғыға ойнатқышқа 

қол жеткізуге рұқсат етуге, қол жеткізуге тыйым салуға 

немесе құрылғыны AllShare тізімінен жоюға болады.
1.  «Басты» экранында Параметрлер 

опциясын таңдап, v түймесін басыңыз.

2.  Желі тармағын таңдап, содан кейін v 

түймесін басыңыз.

3.  AllShare параметрлері тармағын таңдап, 

содан кейін v түймесін басыңыз.

4.  Құрылғыны таңдаңыз да, v түймесін 

басыңыз. AllShare параметрлері қалқымалы 

терезесі пайда болады.

5.  Рұқсат, Бас т немесе Тізімнен жою 

параметрін таңдаңыз да,v түймесін 

басыңыз.

AllShare параметрлерінің экраны AllShare 

құрылғыларымен орнатылған желілік қосылымдар бар 

болса ғана көрсетіледі. AllShare желілік құрылғылары 

туралы қосымша ақпаратты 34-беттен қараңыз.

бағдарламалық құралды жаңарту

Бағдарламаны жаңарту мәзірі жұмысты жақсарту 

және қосымша қызметтер алу үшін ойнатқыштың 

бағдарламалық құралын жаңартуға мүмкіндік береді.

•  Жаңарту барысында, ойнатқышты қолмен өшіріп, қайта 

қосушы болмаңыз.

1.  «Басты» экранында Параметрлер опциясын 

таңдап, v түймесін басыңыз.

2.  Қолдау тармағын таңдап, содан кейін v 

түймесін басыңыз.

3.  Бағд-қ құрал жаңарту тармағын таңдап, 

содан кейін v түймесін басыңыз.

4.  Келесі әдістердің біреуін таңдаңыз : 

•  Желіде
•  USB б-ша
•  Диск арқ.
•  Жүкт-ні бойынша
•  Күту режимінде жаңарту

5.  v түймесін басыңыз.

 |ЕСКЕРТПЕ |

 

\

Ойнатқыш өздігінен өшіп, қайта қосылғанда, жаңарту 

аяқталған болады.

 

\

Samsung Electronics корпорациясы бағдарламалық 

құралдың жаңартылуы барысындағы тұрақсыз Интернет 

байланысы немесе пайдаланушы немқұрайдылығы нәтижесінде 

орын алған ойнатқыштың ақаулары үшін жауап бермейді.

 

\

Егер бағдарламалық құралды жүктеу барысында жаңартудан 

бас тарту керек болса, v түймесін басыңыз.

 

\

Жүйе жаңартылып жатқанда, алдыңғы панельдегі дисплейде 

«UP» деген жазу көрсетіледі.

Желіде

«Желіде» функциясын пайдалану үшін, ойнатқыш 

Интернетке қосылған болу керек.
1.  Желіде параметрін таңдап, содан кейін v 

түймесін басыңыз. «Серверге байланысуда» 

хабары пайда болады.

2.  Жүктелетін файлдар бар болса, орындалу 

көрсеткіші бар Жүктеп алу қалқымалы терезесі 

ашылып, жүктеп алу үрдісі басталады.

3.  Файл жүктеліп болғанда, үш таңдау берілген 

Жаңарту сұрауы терезесі пайда болады : Қазір 

жаңарту, Кейін жаңарту немесе Жаңартпаңыз.

4.  Қазір жаңарту тармағын таңдаса, ойнатқыш 

бағдарламалық құралды жаңартып, 

автоматты түрде өшіп, қайта қосылады. 

5.  Бір минут ішінде ештеңе таңдалмаса немесе 

Кейін жаңарту тармағы таңдалса, ойнатқыш 

жаңартылған бағдарламалық құралды сақтап 

қояды. Бағдарламалық құралды «Жүктелген 

файл арқылы» функциясын пайдаланып кейін 

жаңартуға болады.

6.  Жаңартпаңыз тармағы таңдалса, ойнатқыш 

жаңартудан бас тартады.

Қазақша  

31

 

|

02229G-BD-E6500-RU-KAZ-SEIN.indd   31

2012-05-02   오후 6:14:31