Параметрлер Blu-ray плеер Samsung 3D SMART Blu-ray плеер BD-E6500 с WiFi

Страница: 144 из 177

background image

Параметрлер

Жүйе

Қауіпсіздік

Әдепкі PIN-код – 0000. Өз PIN-кодыңызды жасамаған 

болсаңыз, қауіпсіздік функциясына кіру үшін әдепкі 

PIN-кодты енгізіңіз. Қауіпсіздік функциясына алғаш 

рет кіргеннен кейін PIN-кодты «PIN кодын өзг.» 

функциясының көмегімен өзгертіңіз.

 

BD ата-ана рейтингі : PIN енгізілмеген жағдайда белгілі 

бір жас рейтингіне тең немесе одан жоғары рейтингке 

ие Blu-ray дискілерін ойнатуға жол бермейді.

 

DVD ата-ана бағалауы : PIN енгізілмеген жағдайда 

белгілі бір сандық рейтингтен жоғары рейтингке ие 

DVD дискілерін ойнатуға жол бермейді.

 

PIN кодын өзг. : Қауіпсіздік функцияларына кіру 

үшін пайдаланылатын 4 санды PIN-кодты өзгертеді.

 PIN-кодты ұмытып қалсаңыз :

1.  Барлық дискілерді немесе USB жад 

құрылғыларын ажыратыңыз.

2.  Алдыңғы панельдегі @ түймесін 5 секунд немесе 

одан артық басып тұрыңыз. 

Параметрлердің барлығы зауыттық параметрлерге 

қайтарылады.

Жалпы

Қалауларыңызға сәйкес келтіру үшін төменде 

келтірілген опцияларды өзгертуге болады.

 

Алдыңғы дисплей : Алдыңғы тақтаның 

жарықтығын өзгертіңіз.

 

Уақыт белдеуі : Өзіңіз тұратын уақыт белдеуін таңдау.

 

Мәзір мөлдірлігі : Мәзір терезесінің мөлдірлігін реттеу.

DivX® талап бойынша DivX® VOD мазмұнын сатып алу және ойнату үшін, 

DivX® VOD тіркеу кодтарын қарау.

Қолдау 

Бағд-қ құрал жаңарту

«Бағдарламаны жаңарту» функциясы туралы толық 

ақпарат алу үшін 31~33-беттердегі «Бағдарламалық 

құралды жаңарту» бөлімін қараңыз.

Samsung комп-на 

хабарласу

Ойнатқышты пайдалану бойынша көмек алу үшін 

хабарласу ақпаратын береді.

Қашықтан басқару

Іске қосылған кезде Samsung көмек беру орталығының 

қызметкерлеріне өнімді қашықтан тексеріп, 

ақаулықтарды жөндеуге мүмкіндік береді. Белсенді 

Интернет байланысын қажет етеді.

 |ЕСКЕРТПЕ |

 

\

Қашықтан басқару қызметі кейбір елдерде болмауы мүмкін.

 

\

Ең жақын қызмет көрсету орталығына хабарласып, PIN-кодты біліп 

алыңыз да, сол кодты жауапты адамға айтыңыз. Ол өнімді қашықтан 

тексеруге және қажетті шараларды қолдануға мүмкіндік береді.

Қалп.

Желі мен Smart Hub параметрлерінен басқа барлық 

параметрлерді әдепкі қалпына келтіреді. 

Әдепкі қауіпсіздік PIN-коды – 0000.

26

  Қазақша

02229G-BD-E6500-RU-KAZ-SEIN.indd   26

2012-05-02   오후 6:14:30