Параметрлер Blu-ray плеер Samsung 3D SMART Blu-ray плеер BD-E6500 с WiFi

Страница: 141 из 177

background image

04
Параметрлер

Аудио

Цифрлық шығыс

Теледидарға немесе AV ресиверге қолайлы сандық 

дыбыс шығыс сигналының пішімін таңдауға мүмкіндік 

береді. Қосымша ақпарат үшін 55-беттегі сандық 

шығыс сигналын таңдау кестесін қараңыз.

PCM субдискретизация

96кГц PCM сигналдарын күшейткішке шығарылғанға дейін 

48кГц сигналдарына түрлендіруді таңдауға мүмкіндік береді. 

Күшейткіш немесе ресивер 96кГц сигналымен үйлесімді 

болмаса, «Қосу» параметрін таңдаңыз.

Динамикалық 

диапазонды бақылау

Динамикалық диапазонды басқару мүмкіндігін Dolby Digital, 

Dolby Digital Plus және Dolby True HD аудио жүйесіне 

қолдануға мүмкіндік береді.

 

Авто : Dolby TrueHD дыбыс жолындағы ақпарат 

негізінде Dolby TrueHD дыбысының динамикалық 

диапазонын автоматты түрде басқарады. Сондай-

ақ, Dolby Digital және Dolby Digital Plus үшін 

динамикалық диапазон басқаруын қосады.

 

Өшіру : Динамикалық диапазонды қыспай, бастапқы 

дыбысты естуге мүмкіндік береді. 

 

Қосу : Барлық үш Dolby пішімдері үшін динамикалық 

диапазон басқаруын қосады. Әлсіз дыбыстар күшейтіледі 

және қатты дыбыстардың деңгейі төмендетіледі.

Төмендету режимі

Стерео жүйемен үйлесімді бірнеше арналы араластыру 

әдісін таңдауға мүмкіндік береді. Ойнатқыш әдеттегі 

стерео немесе көлемді пішіммен үйлесімді стерео 

дыбысқа араластыратынын таңдауға болады.

DTS Neo:6 реж-і

Бірнеше арналы дыбысты 2 арналы дыбыс көзінен 

алынған HDMI шығысы арқылы тамашалаңыз.

Желі 

Желі параметрлері

Интернет қызметтері немесе AllShare Wi-Fi мүмкіндігі 

сияқты әртүрлі мүмкіндіктерді пайдалану және 

бағдарламалық құралды жаңарту үшін желілік 

байланысты реттеу.

Желі күйі

Ағымдағы желі және Интернет күйін тексеруге 

мүмкіндік береді.

Wi-Fi Direct

Wi-Fi Direct құрылғысын ойнатқышқа сымсыз 

маршрутизаторды қажет етпестен тең рангілі желі 

арқылы жалғауға мүмкіндік береді.

Сымсыз желі орнатқан болсаңыз, Wi-Fi Direct 

байланысын қолданғанда ол ажыратылуы мүмкін 

екенін ескеріңіз.

Қазақша  

23

 

|

02229G-BD-E6500-RU-KAZ-SEIN.indd   23

2012-05-02   오후 6:14:30