Параметрлер Blu-ray плеер Samsung 3D SMART Blu-ray плеер BD-E6500 с WiFi

Страница: 140 из 177

background image

Параметрлер

параметрлер мәзірінің функциялары 

Көрсету

3D Баптаулары

3D мазмұны бар Blu-ray дискісі 3D режимінде 

ойнатылатынын немесе ойнатылмайтынын таңдаңыз.

•  3D режимінде Негізгі немесе Smart Hub негізгі мәзіріне 

жылжысаңыз, ойнатқыш автоматты түрде 2D режиміне ауысады.

ТД кадр пішімі

Ойнатқыштың шығысын теледидардың экран өлшеміне және 

экран пішіміне сәйкес келтіріп реттеуге мүмкіндік береді.

Smart Hub бейнебет 

өлшемі

Smart Hub экраны үшін оңтайлы өлшемді таңдауға 

мүмкіндік береді.

BD Wise

BD Wise – Samsung компаниясының ең соңғы 

құрылғыларды бір-біріне жалғау мүмкіндігі. 

Samsung ойнатқышы мен BD Wise мүмкіндігі бар Samsung 

теледидарын HDMI кабелі арқылы бір-біріне жалғап, BD 

Wise мүмкіндігі екеуінде де қосылып тұрғанда, ойнатқыш 

бейне сигналын Blu-ray Disc/DVD дискілерінің бейне 

ажыратымдылығымен және кадр жиілігімен шығарады.

Ажыратымдылық

HDMI бейне сигналының шығыс ажыратылымдығын Авто, 

1080p, 1080i, 720p немесе 576p/480p режимдеріне орнатады.  

Сан бір кадрдағы бейненің жолақтар санын білдіреді. 

«i» және «p» әріптері тиісінше жолақ аралық және прогрессивті 

сканерлеуді білдіреді. Әдетте, сапа жоғарырақ болады.

Бейнекадр (24Fs)

Ойнатқыш 24Fs жиілігімен үйлесімді теледидарға 

жалғанған болса, «Бейнекадр (24Fs)» мүмкіндігі «Авто» 

күйіне орнатылғанда, жоғары кескін сапасы үшін 

ойнатқыш HDMI шығысын автоматты түрде секундына 

24 кадрге реттей алады.

•  «Бейнекадр (24Fs)» мүмкіндігін тек осы кадр жиілігін 

қолдайтын теледидарларда пайдалануға болады.

•  «Бейнекадр (24Fs)» мүмкіндігін ойнатқыш HDMI 

1080i немесе 1080p шығыс ажыратымдылығы 

режимінде болғанда ғана пайдалануға болады.

HDMI түс пішімі

Жалғанған құрылғының (теледидар, монитор, т.б.) 

мүмкіндіктеріне сәйкес келетін HDMI шығыс сигналы 

үшін түс кеңістігінің пішімін орнатуға мүмкіндік береді. 

Пішім таңдалғаннан кейін экран бір мезетке сөнеді.

HDMI қою түсі

Өнімді HDMI бейнесін қанық түспен шығаратындай орнатуға 

мүмкіндік береді. Қанық түс мүмкіндігі түс қанықтығын 

арттырып, түстерді дәлірек көрсетуге мүмкіндік береді.

Прогрессивті режим DVD дискілерін ойнатқанда, кескін сапасын 

жақсартуға мүмкіндік береді.

22

  Қазақша

02229G-BD-E6500-RU-KAZ-SEIN.indd   22

2012-05-02   오후 6:14:30