D функциясын пайдалану Blu-ray плеер Samsung 3D SMART Blu-ray плеер BD-E6500 с WiFi

Страница: 123 из 177

background image

01
Қауіпсіздік ақпараты

•  Өнімнің сыртқы күтімі.

 - Бұл ойнатқышқа басқа құрамдас бөліктерді 

жалғамас бұрын олардың өшірілгенін тексеріңіз. 

 - Ойнатқышты кенет салқын жерден жылы жерге 

апарса, істеп тұрған бөліктері мен линзаның беті 

ылғалданып, диск қалыпты ойнатылмауы мүмкін. 

Мұндай жағдайда, ойнатқышты розеткадан 

ажыратып, екі сағат күтіңіз де, штепсельдік ұшты 

розеткаға қосыңыз. Одан кейін, дискіні салып, 

қайта ойнатып көріңіз. 

•  Егер өнім қалыптан тыс шу, күйік иісі немесе 

түтін шығарса, дереу қуат қосқышын өшіріп, 

штепсельдік ұшты розеткадан ажыратыңыз. Содан 

кейін, ең жақын орналасқан тұтынушыларға 

қызмет көрсету орталығына барып, техникалық 

көмек сұраңыз. Өнімді пайдаланбаңыз. Өнімді 

бұл жағдайда пайдалану нәтижесінде өрт шығуы 

немесе тоқ соғуы мүмкін. 

3D функциясын пайдалану

3D БЕЙНЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ДЕНСАУЛЫҚ 

САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ.  

3D функциясын пайдаланбас бұрын, төмендегі 

қауіпсіздік ақпаратын оқып, түсініп алыңыз. 

•  3D бейнесін тамашалау барысында, кейбір 

көрермендер бас айналу, лоқсу және бас 

ауыру сияқты ыңғайсыздықтарды сезіну 

мүмкін.  

Осындай симптомдардың кез келгені пайда 

болса, 3D бейнесін көруді тоқтатып, 3D 

көзілдірігін шешіп, демалыңыз.

•  3D бейнелерін ұзақ көру көзді ауыртуы 

мүмкін. Көз ауырса, 3D бейнесін көруді 

тоқтатып, 3D көзілдірігін шешіп, демалыңыз.

•  3D функциясын пайдаланып отырған 

балаларды жауапты ересек адам жиі тексеріп 

отыруы тиіс.  

Көздердің талғаны, бас ауруы, бас айналуы 

немесе лоқсу жағдайлары байқалса, 

балалардың 3D бейнесін көруін тоқтатып, 

оларды демалдырыңыз.

•  3D көзілдірігін басқа мақсаттарда (мысалы, 

әдеттегі көзілдірік, күнге қарсы көзілдірік, 

қорғайтын арнайы көзілдірік, т.б.) 

пайдаланбаңыз

•  Жүріп бара жатқанда немесе қозғалыс кезінде 3D 

функциясын немесе 3D көзілдірігін пайдаланбаңыз. 

3D функциясын немесе 3D көзілдірігін қозғалыс 

барысында пайдаланса, бірдемеге соғылуға, 

сүрінуге және құлап қалып, ауыр жарақат алуға 

болады.

•  3D мазмұнын тамашалау үшін, 3D құрылғысын 

(3D қолдайтын AV ресивер немесе теледидар) 

жоғары жылдамдықты HDMI кабелінің 

көмегімен ойнатқыштың HDMI OUT портына 

жалғаңыз. 3D бейнесін ойнатпас бұрын, 3D 

көзілдірігін тағып алыңыз.

•  Ойнатқыш 3D сигналдарын тек HDMI OUT портына 

жалғанған HDMI кабелі арқылы шығарады.

•  3D ойнату режимінде бейненің 

ажыратымдылығы бастапқы 3D пішімді 

бейненің ажыратымдылығына сәйкес 

орнатылатындықтан, ажыратымдылықты қалау 

бойынша өзгерту мүмкін емес.

•  3D ойнату режимінде BD Wise, экран өлшемін 

реттеу және ажыратымдылықты реттеу сияқты 

кейбір функциялар дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

•  3D сигналы дұрыс шығу үшін, жоғары 

жылдамдықты HDMI кабелін пайдалану керек.

•  3D бейнелерін тамашалағанда, экраннан 

кемінде оның енінен үш есе үлкен қашықтықта 

отырыңыз. Мысалы, экранның диагональдық 

өлшемі 46 дюйм болса, экраннан 138 дюйм 

(11,5 фут) алшақ отырыңыз.

•  3D бейнесі жақсы көріну үшін, 3D бейне 

экраны көзбен бір деңгейде болуы керек.

•  Ойнатқыш кейбір 3D құрылғыларына қосылған 

болса, 3D әсері дұрыс істемеуі мүмкін.

•  Бұл ойнатқыш 2D мазмұнды 3D пішіміне 

түрлендірмейді.

•  «Blu-ray 3D» және «Blu-ray 3D» логотипі — «Blu-ray Disc 

Association» компаниялар тобының сауда белгілері.

Авторлық құқық

© 2012 Samsung Electronics Co.,Ltd.

Барлық құқықтары қорғалған. Samsung 

Electronics Co.,Ltd компаниясының алдын 

ала жазбаша рұқсатынсыз осы пайдаланушы 

нұсқаулығын ішінара немесе толық қайта басуға 

немесе көшіруге тыйым салынады.

Қазақша  

5

 

|

02229G-BD-E6500-RU-KAZ-SEIN.indd   5

2012-05-02   오후 6:14:21