Саты шаралары Blu-ray плеер Samsung 3D SMART Blu-ray плеер BD-E6500 с WiFi

Страница: 121 из 177

background image

01
Қауіпсіздік ақпараты

МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТПЕ

Осы құрал-жабдықтың сым желісінде 

сақтандырғышпен бірге құйылған айырша бар. 

Сақтандырғыш өлшемі айыршаның істікшелі 

жағында көрсетілген. 

Егер оны алмастыру қажет болса, BS1362 өлшеміне 

сәйкес сақтандырғыш қана қолданылуы тиіс.
Сақтандырғыш қаптамасы ашық болған жағдайда, 

айыршаны ешуақытта пайдаланбаңыз. 

Сақтандырғыш қаптамасын ауыстыру қажет болса, 

оның түсі айыршаның істікшелі бетімен бірдей 

болуы тиіс. Ауыстырмалы қаптамаларды сатушыдан 

алуға болады.
Егер айырша үйдегі ток көзіне қосуға келмесе 

немесе кабельдің ұзындығы ток көзіне жетпесе, 

қауіпсіздік талаптарына сай келетін ұзартқыш 

электр желісін пайдалану қажет немесе 

жабдықтаушыдан көмек сұраңыз.

Дегенмен, айыршаны кескеннен басқа амал жоқ 

болса, сақтандырғышты алып тастап, айыршаны 

қауіпсіз жойыңыз. Айыршаны ток көзіне 

жалғамаңыз, себебі ашық сымнан ток соғу қаупі 

бар.
Аппаратты ток көзінен ажырату үшін, айыршаны ток 

көзінен суырып алыңыз. Ток көзі бос тұруы қажет.
Осы пайдаланушы нұсқаулығымен бірге берілетін 

құрылғы белгілі бір үшінші тараптардың зияткерлік 

меншік құқықтары бойынша лицензияланған.

1-КЛАСТЫ ЛАЗЕР ӨНІМІ

Бұл ықшам диск ойнатқышы 1-КЛАСТЫ ЛАЗЕР өнімі 

болып табылады. Осы құжатта көрсетілмеген басқару 

элементтерін, реттеулерді немесе процедураларды 

пайдаланса, аса қауіпті радиациялық сәулелену 

жағдайлары туындауы мүмкін.

ЕСКЕРТУ : 

•  АШЫҚ ТҰРҒАНДА 3B КЛАСТЫ КӨРІНЕТІН ЖӘНЕ 

КӨРІНБЕЙТІН ЛАЗЕР РАДИАЦИЯСЫН ШЫҒАРАДЫ. 

СӘУЛЕ ӘСЕРІНЕН АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗ (IEC 60825-1) 

•  БҰЛ ӨНІМ ЛАЗЕРДІ ПАЙДАЛАНАДЫ. ОСЫ ҚҰЖАТТА 

КӨРСЕТІЛМЕГЕН БАСҚАРУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН, 

РЕТТЕУЛЕРДІ НЕМЕСЕ ПРОЦЕДУРАЛАРДЫ 

ПАЙДАЛАНСА, АСА ҚАУІПТІ РАДИАЦИЯЛЫҚ 

СӘУЛЕЛЕНУ ЖАҒДАЙЛАРЫ ТУЫНДАУЫ МҮМКІН. 

ҚАҚПАҚТЫ АШПАҢЫЗ ЖӘНЕ ӨЗ БЕТІҢІЗБЕН 

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗБЕҢІЗ. БІЛІКТІ 

МАМАНҒА ЖӨНДЕТІҢІЗ.

CLASS 1 

LASER PRODUCT

KLASSE 1 

LASER PRODUKT 

LUOKAN 1  LASER LAITE

KLASS 1  

LASER APPARAT

PRODUCTO  LÁSER CLASE 1

Сақтық шаралары

Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары

Өнімді қолданбастан бұрын, осы пайдалану нұсқауларын 

мұқият оқып шығыңыз. Төменде берілген қауіпсіздік 

нұсқауларын қадағалаңыз. 

Осы пайдалану нұсқауларын болашақта пайдалану үшін 

сақтап қойыңыз.
1.  Осы нұсқауларды оқыңыз.
2.  Осы нұсқауларды сақтаңыз.
3.  Барлық ескертулерге назар аударыңыз.
4.  Барлық нұсқауларды орындаңыз.
5.  Бұл өнімді суға жақын жерде пайдаланбаңыз.
6.  Тек құрғақ шүберекпен сүртіңіз.

Қазақша  

3

 

|

02229G-BD-E6500-RU-KAZ-SEIN.indd   3

2012-05-02   오후 6:14:21