Қазақ тілі Аксессуар Samsung Колонка Bottle design

Страница: 640 из 799

background image

Жұмысты бастау

6

Кабельдің көмегімен зарядтау

Оны бірінші рет пайдалану алдында немесе ол ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, Bluetooth 
динамигін зарядтаңыз.

Samsung компаниясы тарапынан рұқсат етілген зарядтағыштарды ғана 
пайдаланыңыз (сыммен зарядтау үшін 5 В/1 А мәнінен көп және сымсыз зарядтау 
үшін 5 В/2 А мәнінен көп). Сай келмейтін зарядтағыштарды қолдану батареялардың 
жарылуына немесе Bluetooth динамигінің зақымдалуына әкелуі мүмкін.

Bluetooth динамикті зарядтағышқа жалғаңыз.

Зарядтағышты дұрыс жалғамау Bluetooth динамигін қатты зақымдауы мүмкін. Дұрыс 
пайдаланбау тудырған ешбір зақымды кепілдік қамтымайды.

Толығымен зарядтағаннан кейін Bluetooth динамигін зарядтағыштан ажыратыңыз.

Қуатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде зарядтағышты желіден ажыратыңыз. 
Зарядтағыштың қуат қосқышы жоқ, сондықтан қуатты ысыраптауды болдырмау үшін 
пайдаланбаған кезде зарядтағышты электр розетка ұясынан ажырату керек. Зарядтау 
кезінде зарядтағыш электр розетка ұясына жақын және оңай қол жетімді болуы 
керек.

Қазақ тілі

6